Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

«Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы»

«Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы» 0 «Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы» 1 «Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы» 2 «Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы» 3 «Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы» 4 «Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы.Қазақстанның бірінші жаңғыруы» 5

Қазақстанда тұңғыш  бүкілхалықтық  президенттік  сайлауы 1991  жылы 1 желтоқсанда өтті. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті.Саяси күнтізбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні заңды тұрғыда Тәуелсіздік күніне ұласады. Тарихи 1991 жылы Президент сайлауы Қазақстанның тәуелсіздікке қарай жасаған қадамы болды.

Сіздердің назарларыңызға Көкшетау қаласында 1991 ж. 3 желтоқсан айында жарыққа шыққан облыстық «Көкшетау» газетінің нұсқасы ұсынылған.  «Көкшетау» газетінде: «Республикамызда Қазақстанның Президентін сайлау зор табыспен өтті»,  «Н.Ә.Назарбаев – Халық Президенті»,  «Ел тілегі – Егемендік» атты мақалалар жарияланған.

Келесі көріністе еліміздің қоғам және мемлекет қайраткері, танымал жазушы, ҚР Парламент Сенатының депутаты болған Жабал Ерғалиевтың құттықтау және суырыпсалма ақын Иран сал Тасқараның жолдау хаттары ұсынылған.   «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Өз ғасырының ұлы перзенті ретінде тарих Сізге өзінің әділ бағасын берері сөзсіз! Жаңа астана – Ақмола халқымыздың жан қуанышы, Қазақ елінің абыройлы мен беделі болып жасарып, жайнай берсін!». Жабал Ерғалиев, жазушы, Көкшетаудағы «Қарасай батыр» қорының президенті, халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты. Көкшетау, 1997 жыл.

Елбасына Жолдау хат. «Қадірлі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді туған күніңізбен, ерлігіңіздің бастамасы, жарқын көрінісі Астанамыздың 10-жылдық мерекесімен құттықтап отырған Көкше еліндегі өнерпаз «құрдасыңыз»  Иран Тасқараұлы, осы қуанышты мерекелерімізді арнап шығарған дискімнің алғашқысын сізге сыйға тартамын. Құрметпен, «Көкше әуені» әндер жинағының авторы Иран Тасқара. 29 мамыр 2008 жыл. Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті – Елбасының Кітапханасы қорындағы құжаттар.

1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.   Әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Қазақстан Республикасының заңы салтанатты түрде мемлекеттің тәуелсіздігін, өз жерінде толығымен билік жүргізуге, өзіндік ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп, басқа да барлық мемлекеттермен халықаралық  қарым-қатынастар құқығына ие, өзінің аумағының белгіленген шекарасы және оған ешкімнің тиісуге қақысы жоқ екендігін нақты айқындап берді.

Яндекс.Метрика

A+AA-