Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

2019 жылдың қорытындысы

2019 жылдың қорытындысы 0 2019 жылдың қорытындысы 1 2019 жылдың қорытындысы 2 2019 жылдың қорытындысы 3 2019 жылдың қорытындысы 4 2019 жылдың қорытындысы 5 2019 жылдың қорытындысы 6 2019 жылдың қорытындысы 7 2019 жылдың қорытындысы 8 2019 жылдың қорытындысы 9 2019 жылдың қорытындысы 10 2019 жылдың қорытындысы 11 2019 жылдың қорытындысы 12 2019 жылдың қорытындысы 13 2019 жылдың қорытындысы 14 2019 жылдың қорытындысы 15 2019 жылдың қорытындысы 16 2019 жылдың қорытындысы 17 2019 жылдың қорытындысы 18 2019 жылдың қорытындысы 19 2019 жылдың қорытындысы 20 2019 жылдың қорытындысы 21 2019 жылдың қорытындысы 22 2019 жылдың қорытындысы 23 2019 жылдың қорытындысы 24 2019 жылдың қорытындысы 25 2019 жылдың қорытындысы 26 2019 жылдың қорытындысы 27 2019 жылдың қорытындысы 28 2019 жылдың қорытындысы 29 2019 жылдың қорытындысы 30 2019 жылдың қорытындысы 31 2019 жылдың қорытындысы 32 2019 жылдың қорытындысы 33 2019 жылдың қорытындысы 34 2019 жылдың қорытындысы 35 2019 жылдың қорытындысы 36 2019 жылдың қорытындысы 37 2019 жылдың қорытындысы 38 2019 жылдың қорытындысы 39 2019 жылдың қорытындысы 40 2019 жылдың қорытындысы 41

Құрметті достар, біз 2019 жылдың қорытындысын жасауды жөн көрдік. Музей биыл реэкспозицияға жабылғанына қарамастан, ауқымды жұмыстар атқарылған болатын. 

2019 жылы жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдарына реэкспозиция жүргізілді.  Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып салынған жаңа экспозициялық залдарда өлке тарихының ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі барлық кезеңдері көрсетілген. Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәдігерлерді (сөрелер, диорамалар, инсталляциялар) дәстүрлі көрсетумен қатар мониторлар, сенсорлық дүңгіршектер жұмыс істейді, сондай-ақ музейде алғаш рет QR кодтар орнатылған.

 Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Атбасар тарихи-өлкетану музейі, І. Есенберлиннің әдеби музейі, Мариновка тарихи-өлкетану музейі мүгедектердің және халықтың аз мобильді топтарының қол жетімділігі үшін орынды құрылғылармен жабдықталған. 

Ағымдағы жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғастырылды, фестивальдерге қатысты, заттарды зерттеу және жинақтау бойынша және облыстың танымал өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындарындары, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері, білім және спорт, Ақмола облысының Құрметті азаматтары бойынша мәліметтер жинақталды. 

Жақсы ауданына кешенді тарихи-этнографиялық экспедициясына барды және археология профессоры В.Ф.Зайбертпен бірлесіп Біржан сал ауданына, сонымен қатар Бурабай және Бұланды аудандарына барлау экспедициясын ұйымдастырды. 

"Күміс сиқыры" көрмесін, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Уақыт бізді таңдады...» көрмесін, «Бейжің - Париж 2019» ретро раллиі жобасының көрмесін, 10 аудан мен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тұрғындары тамашалаған "Ғасырлар аманаты" жылжымалы тарихи-этнографиялық көрмесін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу күнінде қалалық паркте «ЖЕҢІС БАТЫРЛАРЫ» атты көрмесін ұйымдастырды, сондай-ақ Атырау облысының ХШОО шақыруымен «Саз пернелі Сарайшық» фестиваліне қатысты, онда Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Түркістан және Атырау облысының музейлері өздерінің экспозицияларын ұсынды. 

«Week of History» («Тарих апталығы») мәдени-білім жобасы аясында Көкшетау қаласының мектептерінде музейлік сабақтар мен дәрістер өткізіліп, шағын көрмелер ұйымдастырылды, және де музей қызметкерлері Көкшетау қаласының тарихы музейінің "Музейдегі түн" іс-шарасына белсене қатысты. 

Экскурсия бөлімінің меңгерушісі А.Б. Айдарбекова жасаған сценарий бойынша «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музей жайлы бейнероликтің  түсірілімі ұйымдастырылды. Оған облыстық музейдің директоры Қ.Ғ. Шақшақов, АОТӨМ ғылыми қызметкерлері,  Бурабай тарихи-өлкетану музейінің, Балуан Шолақ ат. Балалар-жасөспірімдердің ұлттық спорт мектебінің қызметкерлері, «Гәкку» би ансамблі, ақын Мерген Тоқсанбай қатысты.

Тарихи - мәдени мұраны сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін музей директоры Қ.Ғ.Шақшақов мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен, директордың орынбасары А.С. Құнанбаева – «Үздік өлкетанушы» медальмен, сондай-ақ 

бірқатар қызметкерлер марапатталды:

1) «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен – А.С. Сальмұхаметова;

2) «Еңбек ардагері» құрметті атағымен - Т.Н. Шушанова;

3) ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен - Г.К.Изанова, Г.Н. Ағубаева;

4) Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Құрмет грамотасымен – Р. М. Кенжалина.

5) Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің алғыс хаттарымен экономист Ж.А. Тәжіденов, мемлекеттік сатып алу менеджері Л.Ж.Досқожина, экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі А.Б.Айдарбекова, Шучье тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Г.У.Шамиганова, «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейдің ғылыми қызметкері С.М. Қайыржанов.

Яндекс.Метрика

A+AA-