Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап келушілерді қабылдайды
Құрметті достар! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап келушілерді қабылдайды.
Жаңа экспозиция біздің өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашады: табиғат залы, экожүйелерді қолдана отырып, ландшафтық көрсету әдісіне сәйкес жасалған; «Табиғи тарих» залы Жердегі өмірдің даму кезеңдерін, ежелгі дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы материалдарды көрсетеді; «Ұлы Дала өркениеті» залы «Археология», «Орта ғасыр», «Этнография», «Абылай хан» бөлімдері қазақ халқын Көшпелі өркениеттің ұлы өкілі ретінде таныстырады, өйткені Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен салт аттылық мәдениетін сыйлады, мұнда этнос өмірі, оның шаруашылық-мәдени әдет-ғұрыптары, өлке археологиясы мен этнографиясы бойынша үздік коллекциялары ұсынылады, XVIII ғ. Қазақ тарихындағы алтын ғасыр - Абылай хан билігіне арналған экспозиция ерекше орын алады; «XIX ғасырдағы Ақмола өлкесінің тарихы» залы XIX ғасырдағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін, сондай-ақ Көкшетау және Ақмола қалаларының пайда болуын көрсетеді; «Ақмола облысының XX ғасырдағы тарихы» залы Ақмола облысының тарихында көрініс тапқан жарқын, кейде драмалық оқиғаларға толы XX жүзжылдықтың маңызды тарихи оқиғаларына арналған; және 2018 жылы ашылған «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын, оның жетістіктерін және табысты Қазақстанның құрылуындағы Тұңғыш Президенттің ауқымды тарихи рөлін көрсетеді.
Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып құрылған жаңа экспозициялық залдарда жәдігерлерді (сөрелер, диорамалар, инсталляциялар) дәстүрлі көрсетумен қатар келушілердің ыңғайлылығы үшін мониторлар, сенсорлық моноблоктар жұмыс істейтін болады, сондай-ақ музейде алғаш рет QR кодтар орнатылған.
Жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі – санитарлық күн
Сейсенбі – жұма сағ.10.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ.13.00-ден 14.00-ге дейін
Сенбі-жексенбі, мерекелік күндер сағ.11.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағ.13.00-ден 14.00-ге дейін
Экскурсияға өтініштерді қабылдау 25-54-60 телефоны арқылы жүргізіледі.
Барлықтарыңызды музейде күтеміз!
Құрылған күні: 05.01.2020 19:06
Жаңартылған күні: 05.01.2020 19:06
Қаралым саны: 1465