«Музейге жәдігер сыйла» акциясы өз жұмысын жалғастыруда
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі үшін 2020 жылдың ақпан айының күндері өлке тұрғындарының сыйынан басталды. Әсем Серікқызы Баяхина (1978 ж.т.) музей қорына Шөптікөл ауылы (бұрынғы Чистопольский ауданы, қазіргі СҚО Ғ.Мүсірепов ат. аудан) әжесі Алтынай Қасымованың сандығын тапсырды. Керей және Алтынай Қасымовтардың отбасында 11 бала дүниеге келген. Алтынай балаларды тәрбиелеген, үй шаруасымен айналысқан 90 жасында қайтыс болған. Сонымен қатар, А.Баяхинаның үйінде «Романтик» магнитофоны, құттықтау ашық хаттары, ХХ ғ. 70-80 жылдардағы грампластинкалар сақталған.
Көкшетау қаласының тағы бір тұрғыны – Жұмабаевтар отбасы пүліш жапсырмасы бар киіз кілем бұйымы - сырмақты сыйға тартты. Бұл Ақжар ауданы Ұялы ауылының тумасы Биғайша Нұрахметованың (1938 ж.т.) жұмысы. Бұйымды ХХ ғ. 80-ші жылдары қызы Сандуғаштың жасауына әзірлеген. Шебердің қолымен жасаған жұмыстарының ішінде сырмақ бітпес, тоқымалы төсеніштер, алаша бар. Жары Ғазиз Жұмабай Нұрахметовпен (1937-2018) бірге Биғайша апа 10 бала тәрбиелеген. Ғазиз Жұмабай Нұрахметов тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқан, бригаданы басқарған, есепші болып жұмыс істеген. Шебер өзінің 8 қызының жасауына сырмақтар дайындаған. Алдағы уақытта, Биғайша апайдың ұлы Тұрлыбек музей қорына басқа да тұрмыс заттарын сыйға тартатынын айтты.
Музейдің жинақтау жұмысына тұңғыш рет этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Нурмаканова Айым Ескендірқызы қатысты.
Құрылған күні: 19.02.2020 19:51
Жаңартылған күні: 19.02.2020 21:08
Қаралым саны: 1564