Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

"Біздің өміріміздің эко-стратегиясы" дәрісі

Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 0 Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 1 Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 2 Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 3 Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 4 Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 5 Лекция "Эко-стратегия нашей жизни" 6

2020 жылдың 26 ақпан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат және экология бөлімінің қызметкерлері №12 орта мектептің 5 сынып оқушыларына «Біздің өміріміздің эко–стратегиясы» тақырыбында дәріс өткізді.

2 ақпан – дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күні. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға, негізінен суда жүзетін құстардың мекендеуі ретінде Рамсар қаласында (Иран) 1971 жылдың 2 ақпанында қол қойылды және содан бері Рамсар Конвенциясы деп аталады, ал оған қол қойылған күн Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күні деп жарияланды. Конвенцияның негізгі мақсаты бүкіл әлемде тұрақты дамуға қол жеткізу құралы ретінде сулы-батпақты алқаптарды сақтау және ұтымды пайдалану болып табылады. Конвенция шеңберінде ерекше қорғаудағы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі жасалды. Қазіргі уақытта Рамсар конвенциясына 100-ден астам мемлекет, оның ішінде Қазақстан қосылды.

Дәріс өткізудің мақсаты: Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының мысалында, бүкіл тірі өмір беретін ғаламшардың бірегейлігіне жасөспірімдердің назарын аудару; батпақтардың, су қоймаларының, көлдердің және өзендердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау; сулы-батпақты алқаптарды қорғау қажеттілігін анықтау; оқушылардың экологиялық мәдениетін және экологиялық мәселелерге қатысты белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу; оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру; экологиялық-биологиялық цикл пәндеріне танымдық қызығушылығын дамыту.

Яндекс.Метрика

A+AA-