Степногор тарихи-өлкетану музейінің " Бас иеміз Жеңіске" айдары. Лукиных Михаил Иванович
Лукиных Михаил Иванович 1924 жылы Пермь облысының Верещагин ауылында дүниеге келген. 1943 жылдан бастап майданда болды. Украин және Балтық жағалауы майдандарында, жаяу әскерлерде соғысты. Бреслау қаласын азат етті. Кенигсберг және Берлин қалаларының шабуылына қатысты. Жауынгерлік наградалары: «II дәрежелі Отан соғысы Ордені», «Ерлігі үшін» және «Германияны Жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Тау-кен институтын бітірген. 1962 жылдан бастап Қырғызстандағы тау-кен байыту комбинатында инженер болып жұмыс істеді. 1968 жылы Степногорск қаласына келіп, еңбек жолын ХКТК ГМЗ жалғастырды, ол жерден құрметті демалысқа шықты.
Құрылған күні: 18.06.2020 10:59
Жаңартылған күні: 18.06.2020 10:59
Қаралым саны: 1091