"Рухани қазына-2020" республикалық фестивалінің нәтижесі...
Қымбатты достар! Сіздерге қуанышты жаңалықты хабарлауға қуаныштымыз!
«Рухани қазына – 2020» республикалық фестивалінің нәтижесі бойынша Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясына ие болды және ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова облыстық музей директоры Қ.Ғ.Шақшақовқа сертификат пен дипломды табыстады. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі ҚР Ұлттық музейінде өтті. Біздің өлкеміздің ең көне мәдени мекемелерінің бірі болып табылатын 1920 жылы құрылған музейдің бағаланғанына өте қуаныштымыз. Қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз! Сондай-ақ "Фирма-Дара" ЖШС ұжымына және басшысы А.Д.Жансүгіров мырзаға музейдің жаңартылған реэкспозициясын жүзеге асыруға жәрдемдескені үшін алғысымызды білдіреміз.
Құрылған күні: 12.10.2020 11:26
Жаңартылған күні: 12.10.2020 11:26
Қаралым саны: 1473