Археологтардың қатарына қосу рәсімі (Посвящение археологов)
Биылғы археологиялық маусымда Ботай мәдениетінің Красный Яр қонысын зерттеу үшін ғылыми қыметкерлер мен өлкетанушылар ғана емес, Ақмола облыстық жас-өспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен Зеренді және Жақсы ауданының Запорожье ауылының жас археологтары да қатысқан болатын.
Елбасы Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес облысымыздың жер-жерлеріндегі мектептерде құрылған «Жас археологтар» клубының осы мүшелері де 15 маусымнан бастап аталмыш қонысты зерттеуде өздерінің үлестерін қосты.
Осы екі апта бойы қазба жұмыстарында өздерінің жай ғана жұмыскер ретінде ғана емес, нағыз болашақ археологтар ретінде де өздерінің туған жерінің тарихына деген қызығушылықтарын танытты. Осы уақыт ішінде қазба жұмыстарының толықтай методикалық жұмыстарымен танысып, археологиялық құралдармен қалай жұмыс жасау керектігін толықтай үйренді.
Археологтардың дәстүрлеріне сәйкес жаңадан келген жұмысшылармен қоштасарда археологтардың қатарына қосу рәсімі орындалды. Рәсім барысында екі топқа бөлініп, түрлі кедергілерден өтетін қызықты ойындар өткізіліп, ант қабылдау мәтіндері оқылды.
Соңында барлық оқушыларға алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табысталды.
Дата создания: 03.07.2021 12:39
Дата обновления: 03.07.2021 12:40
Количество просмотров: 1017