Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Мы снова открыты для вас!

Рады сообщить, что в нашем музее успешно завершены ремонтные работы, и теперь мы снова готовы принимать посетителей.

Приходите и наслаждайтесь искусством, историей и культурой!

Ждем вас с нетерпением!

Домбыра

Домбыра 0 Домбыра 1 Домбыра 2

Домбыра – қазақ халқының өте ерте замандардан кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Домбыра- қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»-деп Қадыр Мырза Әлі ақын айтқандай, домбыра десе «қазақ халқының» белес-белес тарихы елестейді,мәдениеті көрініс табады..

Төрт мың жылдай тарихы бар домбыраның қоңыр үні кім-кімді де тамсандырмай қоймайды. Бүгінде ол өзінің ерекшелігімен Гиннес рекордтар кітабына еніп, ЮНЕСКО-ның сертификатын иеленді. 2018 жылғы 12 маусымда «1 шілде - Ұлттық домбыра күні» деп белгіленіп жыл сайын тойланып келеді. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында 13 аспап бар, оның 6-ы залдардың экспозицияларында қойылған. Әр домбыра өзінше қызық, өзіндік үні, өз тарихы бар.

Ақын Қарсақ Қопабаев отбасының домбырасы 2011 жылдың маусым айында тарихи-өлкетану мұражайының тарихи-этнографиялық экспедициясы Жарқайың ауданы, Далабай ауылына барған кезде біздің музейге берілді. Ол ағаштан жасалған, алмұрт пішінді корпусы қисық желпуіш тәрізді жұқа лакталған пластиналардан желімделген. Үстіңгі жалпақ тақтайшада кішкене саңылау және ағаштың күңгірт және ашық реңктерінен жасалған ою-өрнектің сынықтары бар. Корпустың қақпағында қызыл бояумен жағылған ою-өрнектің екі фрагменті бар, атаулары үлкен әріптермен сызылған. Музейге домбыраны белгілі ақынның 1937 жылы туған ұлы Қарсақов Сағынбек пен 1938 жылы туған жары Смағұлова Роза Қожахметқызы сыйға тартты.

Мектеп музейі ақын Қарсақ Қопабаевтың (1882-1974)есімімен аталады.

Қиын-қыстау заманда ақын Қасақ Қопабаевтың әндері халықты жігерлендіріп, олардың аман қалуына өзінің үлкен үлесін қосты .

Яндекс.Метрика

A+AA-