Қазақтың тұңғыш өлкетанушысы – Асан қайғы
Бүгін Республика күніне орай "Туған жерім - тұғырым" атты өлкетанушылардың қатысуымен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Қазақтың тұңғыш өлкетанушысы – Асан қайғы», - дейді Зеренді ауданынан келген өлкетанушы - Қонқаев Қабыкен Қонқайұлы. Қатысушылар өлкетану саласында қордаланған мәселелерді ортаға салып, 2024 жылға жоспар қабылдады. Өлкетанушылардың символдық белгісі ұсынылды. Келесі жылы өлкетанушылардың облыстық форумын өткізу жөнінде және «Жыл өлкетанушысы» байқауын өткізу туралы шешім қабылданды. Қауымдастықтың төрайымы Гүлбаршын Дәкенқызының ұсынысымен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған облыстық өлкетанушылар қауымдастығының хатшысы болып Жаркенова Бану Русланқызы сайланды. Мүшелікке Уәлиев Талапкер Әскербекұлы, Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы, Косович Павел Владимирович, Укеев Жасұлан Кәрімұлы қабылданды. Облыстық музей жанынан музей жанашырлары қамқоршылық кеңесін құру туралы ұсыныс айтылды. Бірқатар өлкетанушылар Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың алғыс хатымен марапатталды.
Дата создания: 26.10.2023 10:50
Дата обновления: 26.10.2023 10:52
Количество просмотров: 664