27 қазан «Достар» мәдениет сарайында цифровизация министрі Бағдат Мусин Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесті және ZOOM платформасы арқылы ауыл тұрғындары да министрге өз сұрақтарын қоя алды
27 қазан «Достар» мәдениет сарайында цифровизация министрі Бағдат Мусин Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесті және ZOOM платформасы арқылы ауыл тұрғындары да министрге өз сұрақтарын қоя алды
Министрлік басшысы бүгінде қазақстандықтарға көрсетілетін проактивті қызметтердің саны 46-ға жеткенін айтты, олардың ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, неке және туу туралы куәлік және т.б. бар. Бағдат Мусин жемқорлық азаю үшін және құжаттарды алу оңай болу үшін осындай жұмыстар жасалып жатқанын айтты.
Кеңінен қолданылатын қызметтер Halyk және Kaspi сияқты танымал платформаларда қолжетімді. Бұл платформаларда тұрғындар 16 қызметке цифрлық форматта қол жеткізе алады.
Бүгінде ХҚКО-ларға бармай-ақ, үйде бейнетехнологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің 79 түрін алуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, цифрлық даму министрі Көкшетау қаласында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жұмыс істейтінін, оның үлесі бүгінгі таңда 91 процентті құрайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, Бірыңғай есеп айырысу орталығы жобасы іске асырылды, қазіргі таңда барлық 10 ТМС жеткізушілері жүйеге қосылған.
Сонымен қатар, 2024 жылы E-Денсаулық қосымшасы жұмыс істейді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Бағдат Батырбекұлы бірнеше құжаттарды жинамай, QR-код арқылы жұмысқа орналасу мүммкіндігі пайда болатынын да айтты.
Дата создания: 30.10.2023 17:00
Дата обновления: 30.10.2023 17:04
Количество просмотров: 670