Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Қайырлы күн құрметті оқырмандар, бүгінгі пост Айман Сағитқызы Сальмухаметоваға арналады. Айман Сағитқызы 1985 жылдан бастап Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейіне экскурсия жүргізушісі болып жұмыс істеді

Қайырлы күн құрметті оқырмандар, бүгінгі пост Айман Сағитқызы Сальмухаметоваға арналады. Айман Сағитқызы 1985 жылдан бастап Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейіне экскурсия жүргізушісі болып жұмыс істеді



Қайырлы күн құрметті оқырмандар, бүгінгі пост Айман Сағитқызы Сальмухаметоваға арналады.
Айман Сағитқызы 1985 жылдан бастап Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейіне экскурсия жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап экскурсиялық – көпшілік бөлімінің меңгерушісі болды. 2005 жылдың 1 наурызынан бастап ғылыми-зерттеу этнография бөліміне аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
   Музейде қызмет еткен уақыты аралығында Айман Сағитқызы, өзін жоғары білімдар адам ретінде көрсетті. Оның өткізген шолу және тақырыптық экскурсиялары, бұқаралық іс-шаралары нақтылықпен, алдын ала ойластырумен ерекшеленіп, мазмұны жағынан қызықты болды. А.Сальмухаметованың арқасында бөлім жұмысы ғылыми-әдістемелік материалдарға толы. Жақсы талғамға ие бола тұра, көрмелерді безендіруде, буклеттерді, аңдатпаларды құрастыруда зор үлесін қосып, көмегін аямайтын. 
Этнография бөлімінің қызметкері ретінде  кешенді экспедициялар құрамында үлкен жинақтау жұмыстарын жүргізді. Айман Сағитқызы жақсы тәлімгер, ұжымдағы беделі зор қызметкер.
   Музейде қызмет еткен уақыт аралығында бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталған. 2000 жылы А.С. Сальмухаметова  адал қызмет еткені үшін облыстық мәдениет басқармасының грамотасына ие болды.

Яндекс.Метрика

A+AA-