Армысыздар қадірменді оқырмандар!
Армысыздар қадірменді оқырмандар! Павлодар қаласы Ертіс музейінде "Атбасар - атамекенім" көрмесіне 8 қазаннан бастап келушілер саны - 2311 адам. Олардың басым көпшілігі - мектеп оқушылары. Байқап отырғанымыздай, музейге соның ішінде "Атбасар - атамекенім" көшпелі көрмесіне мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытты. Осымен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ертіс музейіндегі "Атбасар - атамекенім" көшпелі көрмесі өз мәресіне жетті.
Дата создания: 01.11.2023 19:20
Дата обновления: 01.11.2023 19:21
Количество просмотров: 716