Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Достар, біз "Бір жәдігер тарихы" атты айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға ұсынатын жәдігер қол диірмен деп аталады

Достар, біз "Бір жәдігер тарихы" атты айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға ұсынатын жәдігер қол диірмен деп аталады

Достар, біз "Бір жәдігер тарихы" атты айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға ұсынатын жәдігер қол диірмен деп аталады. Суреттегі қол диірмен 2022 жылы 18 -24 шілде аралығында Ақмола облысы Есіл ауданында өткен музыкалық-этнографиялық экспедиция барысында Есіл ауданы Ақсай ауылының тұрғыны Төлегенов Асылхан Рахметұлы экспедиция жетекшісіне берді.  Осындай қол диірмендер әлі күнге дейін кездесіп табылып жатыр. Экспедиция жетекшісі ҚР Ұлттық музейі мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институтының Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің жетекшісі, Өнертану PhD докторы - Мәулет Ардаби. Қол диірмен дәнді дақылдарды ұнтақтауға арналған. Диірменнің үстіңгі тасы темірмен жиектелген. Диірменнің астыңғы тасының дәл ортасында бақалақпен үстіңгі тасты кигізіп айналдыруға арналған темір орнатылған. Диірменнің үстіңгі бір бұрышындағы диірменді айналдыратын, арнайы есікке орнатылған ағаш тұтқасы бар.

Яндекс.Метрика

A+AA-