Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Атбасар тарихи-өлкетану музейі.

Музей №2 Атбасар қалалық кітапханасының меңгерушісі және жергілікті Клара Әмирова жинаған өлкетану материалдары негізінде құрылды. Музей ресми түрде 1978 жылдың 5 қарашасында ашылды.        Музейге тарих және сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын 1911 жылы салынған ғимарат (көпес А.Беловтың бұрынғы үйі) берілген.            
 Музей экспозициялық екі қабатты ғимараттың 12 залын қамтиды.
 Бірінші қабатта өлкенің бай және түрлі флорасы мен фаунасы көрсететін табиғат залы орналасқан.  Археология залында ауданның археологиялық картасы, тас және кремний еңбек құралдары, сөрелер мен диорамалдарда палеонтологиялық олжалар орналасқан.  Этнографиялық залдың экспозициясы ішкі киіз үй интерьері, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, ағаштан және былғарыдан жасалған заттар, киіз, қолдан тоқылған кілемдер және  зергерлік бұйымдар т. б. көрсетіледі.  "Қала тарихы" залында Ресей,  Украинадан қоныс аударушы шаруалардың бірегей құжаттары мен тұрмыстық заттары, сонымен катар 1914-1937  жж. аралығындағы өлке тарихын көруге болады. Жеке экспозиция Атбасардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) мен Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіне, сондай-ақ, атақты адамдар, Атбасар ауданының тумалары, ХХ ғасырдың ортасының өндіріс озаттарына  арналған.   2016 жылы "Алаш"  партиясының 100 жылдығына орай жаңа экспозиция ашылды.

Яндекс.Метрика

A+AA-