Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Мы снова открыты для вас!

Рады сообщить, что в нашем музее успешно завершены ремонтные работы, и теперь мы снова готовы принимать посетителей.

Приходите и наслаждайтесь искусством, историей и культурой!

Ждем вас с нетерпением!

Сабақ тыңдалды, шеберлік шыңдалды

Сабақ тыңдалды, шеберлік шыңдалды 0 Сабақ тыңдалды, шеберлік шыңдалды 1
Астана қаласында орналасқан ҚР Ұлттық музейінде  "Рухани қазына-2023" фестивалі өтті. Аталмыш фестивальға барлық музей қызметкерлері әр түрлі номинациялар бойынша қатысып, бақтарын сынады. Бөрібаева Сәуле Бөкейханқызы фестиваль қатысушыларының жіберген қателеріне тоқталды. Музей саласының қызметкерлері ұйымдастырушыларға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Бұл фестиваль  аясында музейтанушы,Мәдениет саласының үздігі Нұрсерік Жолбарыс "Музей және әлеуметтік желілер: қолдану ерекшеліктері мен мүмкіндіктері" атты шеберлік сағатын өткізді. Аталмыш шеберлік сағатында музейдің әлеуметтік желі жүргізу маңыздылығы туралы айтылды. Атап айтатын болсақ, оқырмандар арасында сауалнама жүргізу керектігі, контент-жоспарды құру керектігі, әлеуметтік желіні кәсіби алаң ретінде пайдалану керектігі айтылды. Сондай-ақ, пост  жазған кезде әлеуметтік желі пайдаланушыларының жас ерекшелігін ескеру, музей саласындағы SMM стратегиясының құрылымы болу керектігін де атап өтті.

Яндекс.Метрика

A+AA-