Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Мы снова открыты для вас!

Рады сообщить, что в нашем музее успешно завершены ремонтные работы, и теперь мы снова готовы принимать посетителей.

Приходите и наслаждайтесь искусством, историей и культурой!

Ждем вас с нетерпением!

Бүгін музейімізде тәуелсіздік күніне арналған «Арайлы таң, нұрлы болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Бүгін музейімізде тәуелсіздік күніне арналған «Арайлы таң, нұрлы болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел қонақтары Ақмола облысының желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар Еркін Есілбай, Алтынбек Жарылғасов, Дәуренбек Жарылғасов, Нұрғалиев Сағат, Қарабатыров Сайранбек және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейітқасымов. Сондай-ақ, 18 мектеп-лицейнінің 10 сынып  оқушылары мен университет студенттері де келді. 
Бұл шараның мақсаты: Алматыдағы 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасының себеп-салдары оның құрбандары туралы тақырыптың тарихи маңызын, мәнін ашу. Қатысушы студенттер мен мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен Тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.  
1986 жылы желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққан студенттердің алды бүгінде ел ағасы болды. Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына әр салада қызмет атқарып өз үлестерін қосып жүр. Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушылары мен студенттер келген қонақтармен жақын танысты.

Яндекс.Метрика

A+AA-