Музейіміздің аға ғылыми қызметкері Бибігүл Бейсенбайқызы республикалық конференцияда баяндама оқыды
Музейіміздің аға ғылыми қызметкері Бибігүл Бейсенбайқызы республикалық конференцияда баяндама оқыды
Бүгін Қоғамдық келісім сарайында ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Көкшетау өңірінің тарихы негізгі кезеңдері және тұлғалары" республикалық конференция өтті. Конференция Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Филолог ғалым, алаштанушы, әдебиет тарихын зерттеуші Дихан Қамзабекұлы видео арқылы құттықтау сөз сөйледі. Бұл конференцияда Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы Ботай қонысы туралы ақпарат берсе, Аяған Бүркіт Ғелманұлы өңірлік географиялық атаулардың хронологиясы тоқталды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Бибігүл Бейсенбайқызы «Хан ордасы - Көкшетау" тақырыбында баяндама қорғады. Бибігүл Бейсенбайқызының айтуынша: "Көкшетау қаласының тарихын жаңа тұрғыдан зерттеп, Көкшетау аймағын мың жылдық тарих аясында қарастыру қажет. "Көкшетау" топонимі туралы мәліметтер орта ғасыр деректерінде VIII-IX ғасырдағы түркі халықтарының ойшыл философы, саяхатшы болған "Қорқыт ата Кітабында" жиі кездеседі. Ал XII-XIII ғасырларда тұрған Кетбұға жыраудың "Сақ болған ұрпағым" шығармасы - "Көкшетау" сөзінен басталады. Осылайша, Көкшетау туралы жазба деректердің негізінде 1000 жылдықтан астам тарихы бар деп айта аламыз".
Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасын пайдалану және қорғау инспекциясының директоры Укеев Жасұлан Кәрімұлы өз баяндамасын оқыды. Жабал Ерғалиұлы конференцияны қорытындылады. Конференция соңында ішкі саясат басқармасының Алмас Аянұлына сөз берілді.
Дата создания: 17.12.2023 10:00
Дата обновления: 17.12.2023 10:02
Количество просмотров: 1436