Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Мы снова открыты для вас!

Рады сообщить, что в нашем музее успешно завершены ремонтные работы, и теперь мы снова готовы принимать посетителей.

Приходите и наслаждайтесь искусством, историей и культурой!

Ждем вас с нетерпением!

Кеңесіміз келелі, семинарымыз сәтті өтті

Ғылыми-әдістемелік кеңестің екінші күні музейіміздің экскурсия жетекшісі В.А.Антипова жасанды интеллект туралы ақпарат беріп, оны қолдануды түсіндірді. Қор бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.С.Абдрахманова жәдігерді қорға қабылдау үшін актты қалай жазу керектігін түсіндірді. Табиғат және экология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г.Т.Кренделева жәдігердің тарихын қалай дұрыс жазылатынын, оны зерттеу қажет екендігін көрсетті. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер және музей заңгері  Л.Ж.Досқожинаның бюджеттік өтінімді қалай дұрыс дайындау және жүзеге асыру жөніндегі әңгімесі өте қызықты болды.

Үзіліс арасында келген кәсіподақтар ұйымының төрағасы М.Қойшин кәсіподақ ұйымының қатарына қосылуымызды ұсынды. Семинар соңында актілерді толтыру тәртібі, түгендеу нөмірлерін беру және музей заттарын қорларға орналастыру бойынша қор бөліміне экскурсия жүргізілді. Екі күнге созылған семинарымыз өте мазмұнды болды.


Яндекс.Метрика

A+AA-