Мобильная версия Версия для слабовидящих Карта сайта

Мы снова открыты для вас!

Рады сообщить, что в нашем музее успешно завершены ремонтные работы, и теперь мы снова готовы принимать посетителей.

Приходите и наслаждайтесь искусством, историей и культурой!

Ждем вас с нетерпением!

«Музей кеңістігі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру құралы»

«Музей кеңістігі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру құралы» 0 «Музей кеңістігі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру құралы» 1

12 шілде күні  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Музей кеңістігі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру құралы»тақырыбында тимбилдинг өткізді.

Тимбилдингтің бірінші бөлімі Бурабай кентінің тарихы музейінде  өтті. Аталмыш алқалы отырыстың модераторы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек болды. Табиғат және экология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г.Т.Кренделева Бурабай кентінің тарихынан қызықты деректермен бөлісті, музей заңгері Л.Ж.Досқожина сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі іс-шаралар шеңберінде әріптестеріне комплаенс офицері кім екенін және оның функцияларын түсіндірді. Тимбилдинг ғылыми-әдістемелік бөлімнің аға ғылыми қызметкері Г.Н.Агубаеваның Бурабай кентінің тарих музейі реэкспозициясы бойынша жүргізілген жұмыстары туралы есебіне ұласты.

Бұл тимбилдинг болғандықтан, екінші бөлім демалыс аймағында, Бурабай көлінде өтті. Тимбилдингтің мәні неде? Оның міндеті — қызметкерлерді біріктіру. Бүгінгі таңда топтық жұмыс кез келген істі жетістікке жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және команда құру міндеттерді шешуге бағытталғанына қарамастан, қызметкерлер өздерін жұмыс күні жалғасып   жатқандай сезінбеуі керек. Біздің ойымызша, тимбилдинг ұжым ішіндегі тиімді қарым-қатынастарды құруға және нығайтуға, сондай-ақ, жұмыс істейтін команда құруға бағытталған міндетін орындады.

Яндекс.Метрика

A+AA-