Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында
Этноауылдағы думанды той жалғасуда. Этноспорт сайыстарынан бөлек мәдени бағдарламалар көпшілік назарына әр сағат сайын ұсынылуда.
Бүгін Ақмола облысы музей жәдігерлерінен қойылған киіз үйлерді астаналықтармен қала қонақтары, шетелдік туристер қызыға тамашалады.
Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма теартының актерлары көпшілік назарына ұсынған салт-дәстүр көріністері көпшіліктің ризашылығын тудырды. Көне жәдігерлерді тамашалап, түрлі қойылымдар көріп, әуезді ән-күй тыңдаған халық ақмолалық өнерпаздарға зор алғыстарын білдіруде. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы күні ақмолалық этноауылға барлығы 5000 көрермен келсе, оның 1200-і шетелдік қонақтар.
Дата создания: 13.09.2024 12:15
Дата обновления: 13.09.2024 12:20
Количество просмотров: 1781