«ЕСІЛ-КӨКШЕ ӨҢІРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ-МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ АМАНАЙ СЕЙТҚАСЫМОВТЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ТАНЫМДЫЛЫҒЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
Бүгін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде көп жылдан бері еңбегі сіңген ұстаз, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Аманай Асылбайұлы Сейткасымовтың мерейтойлық 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жоғарғы деңгейде болып өтті.
Университет ректоры Марат Кадырұлының ресми бастауымен ашылған конференцияда облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы және Жабал Ерғалиұлы сынды ел ағалары сөз сөйлеп, өз құттықтауларын білдірді. Осы конференцияға қатысқан Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы да қалыс қалмай құттықтауға мүмкіндік алды.
Конференция барысында Аманай Асылбайұлының көптеген ел ішіндегі және шетелдегі әріптестері мен шәкірттері де өз баяндамаларын оқыды. Жамбыл Омарұлы Артықбаев «Қанай бидің қасиеті қонған азамат» деген баға берсе, Германиялық әріптесі Андрайс Буллер «Свой»/ «Чужой» как исторические образы» атты баяндамасымен өзінің тарихи бағасын берді. Сонымен қоса өзінің алғашқы шәкірттері болған Абдыкулова Гүлжанар Халитқызы, Утегенов Марат Зеннатұлы сияқты бірнеше жас ғалымдардың баяндамаларынан соң «Ұстазға қарап шәкірт өсер» немесе «Ұстаздан шәкір озар» деген осы шығар деген күймен, жиналған қауым сүйсіне қарадық.
Университет қабырғасында Аманай Асылбайұлының 30 жылға жуық еңбек барысында, конференция тақырыбының өзі айтып тұрғандай қаншама шәкірттердің бойынан тұлғалық қасиеттерін ашып, қалыптастыра білген білікті ұстаз деп білеміз.
Аманай Асылбайұлы! Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз бен озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз!
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз!
Дата создания: 14.05.2021 21:09
Дата обновления: 14.05.2021 21:09
Количество просмотров: 1155