Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылда «Балалар жылы» деп жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылда «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Ерейментау тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұлт құндылықтары - бала тәрбиесінің қайнар көзі екенін жеткізу мақсатында музейде "Әжемнің әңгімесі "циклі негізінде "Шаш-адамның ажары” тақырыбында іс -шара өткізді. Ұлағатты ұстаз , зейнеткер әже Тыныштық Жаниқызы оқушыларға көнеден келе жатқан салт-дәстүрлердің бірі-балаға шаш қою, яғни айдар, кекіл, тұлым қою туралы әңгімелеп, шашқа тағатын шашбау мен шолпының айырмашылығын түсіндірді. Іс-шара барысында тақырып бойынша бейнебаян көрсетіліп, соңында әже оқушыларға ақ батасын берді.
Creation date: 24.02.2022 10:35
Update date: 24.02.2022 10:40
Қарау саны: 1038