Бүгін 2023 жылдың 20 қазан күні Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Республика күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас» атты іс шара болып өтті
Бүгін 2023 жылдың 20 қазан күні Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Республика күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас» атты іс шара болып өтті. Іс шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлерден жасақталған «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрме ашылып, қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі кезеңдерімен танысуға мүмкіндік алды. Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты: «Тәуелсіздік шежіресі» көрмесі арқылы егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихы, тәуелсіздік жылдарының негізгі кезеңдері туралы түсінікті қалыптастыру, ел мен өлкенің тарихына қызығушылықты дамыту, азаматтық және патриоттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Музей көрмесінің тұсаукесерінде облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, танымал жазушы, журналист Қайырбай Төреғожа, тарих ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, белгілі ғалым Аманбай Сейітқасымов сөз сөйледі. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, көпшілікті алдағы мереке – Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады. Шараның соңғы бөлігінде заманауи тарих бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Арман Әбілқадыров оқушылар және студенттерімен «Егеменді болмай – ел болмас» атты музей сабағын өткізді. Облыстық «Арқа ажары» газетінің Республика күніне арналған мерекелік санында Көкшетау қаласындағы облыстық музейдің аға ғылыми қызметкері Бибігүл Бейсенбайқызының Тәуелсіздік бастауы болған Егемендік Декларациясы жайлы мақаласы шығып іс-шараның қорытындысы жасалады.
Creation date: 20.10.2023 18:30
Update date: 20.10.2023 18:39
Қарау саны: 846