КЕНЕСАРЫ ХАНҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «тарихшылар қауымдастығы» мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылы 8 желтоқсанда «Хан ордасы Көкшетау: Кенесары ұлттық қаһарман» атты конференция өткізілді.
Конференция барысында бірнеше ұсыныстар енгізіліп, қарары қабылданды. Сол қарардың бірі - биыл Түркістан облысы Кентау қаласында Кенесары Қасымұлы оқыған Қарнақ медресесінде Кенесары ханға арналған ескерткіш тақта орнату. Ескерткіштің ашылуына қатысқан белгілі этнограф, ғалым Жамбыл Артықбаев Көкшеліктердің ыстық ықыласын жеткізді.
Creation date: 30.10.2023 17:05
Update date: 30.10.2023 17:10
Қарау саны: 741