МУЗЕЙ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАРШЫСЫ
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Астана қаласында орналасқан ҚР Ұлттық музейіне әріптестерімізбен тәжірибе алмасу мақсатында барып, тарихи жәдігерлерді көріп, музей қызметкерлерінің көкейіндегі сұрақтарын қоя алды. Пікір алмасудан кейін әріпстестеріміз ҚР Ұлттық музейінің алтын, энеолит, этнография, ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, түркі тарихы залы, палеонтология залдарын экскурсия жетекшісімен бірге аралады.
Аталмыш музейде қазақ классик жазушыларына, композиторларына арналған мүсіндер, алтын адам т.б. жәдігерлер ерекше қызығушылық тудырды.
Бұл музей елордада орналасқандықтан келушілер саны көп.
Creation date: 13.11.2023 12:55
Update date: 13.11.2023 12:58
Қарау саны: 634