Mobile version Version for visually impaired Site map

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Армысыздар қадірменді оқырмандар, бүгін Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінің тарихы туралы мәліметпен бөлісетін боламыз

Армысыздар қадірменді оқырмандар, бүгін Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінің тарихы туралы мәліметпен бөлісетін боламыз. 1999 жылдың 24 желтоқсанында Атбасар қаласы әкімшілігінің, жазушы отбасының белсенді қолдауымен І.Есенберлиннің әдеби музейінің салтанатты ашылуы болды. Музей экспозициясында жазушының жеке заттары, фотоқұжаттары, отбасылық фотосуреттері, кітаптары қойылған, кабинет интерьері жаңғыртылған. Музей қорында бірегей жазба – жазушының шынайы дауысы, «Мұхитты өткен қайық» кітабының қолжазбасы, сонымен қатар белгілі қазақстандық жазушылардың қолтаңбалары бар кітаптар топтамасы сақталған.

2015 жылы жазушының 100 жылдығына орай меретойлық іс-шаралар өтті. Атбасар қаласының орталық алаңында Ілияс Есенберлинге ескерткіш (авт. И.Л.Седлецкий) қойылып, І.Есенберлиннің әдеби музейінің жаңа экспозициясы ашылды, «Ұлтжанды қаһарман қаламгер» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Сонымен қатар, жазушының 100 жылдығына орай Әдеби музей Франфурт-на-Майнеде (Германия) өткен «BOOKMESSE» Халықаралық кітап көрмесіне қатысты.

Яндекс.Метрика

A+AA-