Жаңалықтар
Бүгін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне Желтоқсан ардагерлері, атап айтқанда, Алматы қаласынан Желтоқсан ардагері, «Желтоқсан 1986» қоғамдық бірлестігінің орынбасары Байниязов Бақыт Серікбайұлы, «Тәуелсіздік 1986-Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Күзембаев Қайыргелді Қалиақпарұлы, Меркіден Тогисбаева Айнұр Қыпшақбайқызы, Степногор қаласынан Тегжанов Дәуренбек Қасиетұлы, Нұрғалиев Есман Ермекұлы, Қиықов Ерлан Қайыржанұлы келіп, келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Желтоқсан ардагерлерінің музейімізге келген мақсаты – өскелең ұрпаққа Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсіндіру, халық қаһармандарының есімдерін еске салу.
Creation date: 08.12.2023 19:45
Update date: 08.12.2023 19:47
Қарау саны: 1404