Күні кеше Біржан сал атындағы тарихи-өлкетану музейі, жастар ресурстық орталығы мен кітапхана бірігіп «Желтоқсан құрбандарына» арналған іс-шара өткізді
Күні кеше Біржан сал атындағы тарихи-өлкетану музейі, жастар ресурстық орталығы мен кітапхана бірігіп «Желтоқсан құрбандарына» арналған іс-шара өткізді.
Есімін ел білмейтін желтоқсан құрбандары 1986 жылдың 16-18 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы Брежнев алаңында болған «Желтоқсан оқиғасы» – патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің қыспағына 300 жылға жуық шыдап, ендігі шыдамы шырқау шыңға жеткен қазақ жастарының –жанайқайының нәтижесі еді. Біз бүгінгі күнге дейін «Желтоқсан құрбандары» туралы сөз қозғалғанда, құрбандарға арналған еске алу кештері мен іс-шаралар барысында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджановалардан асып өте алмаймыз. Ал, шын мәнінде осы үш күннің ішінде 2400 адам полиция бөлімшесіне әкелініп, оның 99-ы сотталса, студенттердің 264-і оқудан шығарылған. Ал олардың ішінде көп біле бермейтін «елеусіз қалған құрбандар» көп.
Іс - шара осы белгісіз аттары аталмай қалған құрбандардың тақырыбын көтерді. Мектеп оқушылары арнайы «желтоқсан» атты өлең, әңдерімен іс-шараға өз үлестерін қосты. Қала зиялылары оқиға бойынша өз ойларын айтып ортаға салды.
Іс-шараға оқушылар, қала қонақтары қатысты.
Creation date: 13.12.2023 16:10
Update date: 13.12.2023 16:14
Қарау саны: 1603