Mobile version Version for visually impaired Site map

Музейіміздің тарих бөлімінің аға ғылыми қызметкері Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Музейіміздің тарих бөлімінің аға ғылыми қызметкері Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Музейіміздің тарих бөлімінің аға ғылыми қызметкері Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ спикер ретінде "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы Агротехникалық институтында өткен «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы дамуы жағдайында тың игерудің тағылымы» атты ғылыми-практикалық семинарға қатысып «Қазақстан: тың игерудің салдары» тақырыбында баяндама оқыды. Іс-шара модераторы Аймақтық қолданбалы зерттеулер және инновациялық жобалар институтының директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбілжан Тоқанұлы Құсайынов болды. Ғылыми-практикалық семинарға «Солтүстік Қазақстандағы перспективті аграрлық зерттеулер» тақырыбымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Рашид Есенгелдіұлы Нұрғазиев, Аймақтық қолданбалы зерттеулер және инновациялық жобалар институтының ғылыми қызметкері, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Анар Сайлаубекқызы Аяпбергенова, т.б. қатысты. Сонымен қатар, «Топырақтану және агрохимия», «Агрономия» және «Экология» кафедрасының Көкшетау қаласындағы С.Сәдуақасұлы атындағы Агротехникалық институтының студенттері қатысты. Іс-шарада тың игеру тақырыбына байланысты облыстық музей қорындағы жылжымалы көрме ұйымдастырылды: аға ғылыми қызметкер Бибігүл Бейсенбайқызы, мұрағатшы Азиза Серікқызы. Жалпы ғылыми іс-шараға 57 адам қатысты.

ХХ ғасырдың ортасында кең ауқымды жер жыртуды Қазақстанның солтүстік аймақтарында іске асыру ойластырылғандығы тарихтан белгілі. Кейін көп ұзамай бұл агрожоба іске асырылды. Сонымен, осыдан 70 жыл бұрын басталған тың эпопеясы бізге этнодемографиялық өзгерістерді әкелді. Нәтижесінде, қазақтар өз жерінде азшылыққа айналды. Дәл сол кезден бастап қазақ халқының көпшілігі ана тілін, ұлттық салт-дәстүрін ұмыта бастады. Бұл көп жылдар бойы тұрақты жүргізілген орыстандыру саясатының нәтижесі. Тың эпопеясы теріс салдарының бірі – эрозия мәселесі. Мысалы, тек 1960-шы жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкесінде 10 миллион гектардан астам құнарлы топырақ желмен ұшып кеткен. Бұл жерді қалпына келтіру үшін ғасырдан астам уақыт керек екендігіне сол кезде ешкім мән бермеді. Жалпы Қазақстанда тың игеру кезінде 25,5 млн гектар пайдаланды. Агроэкономика саласы бойынша мүмкіндігі мол бола тұра, еліміз әлем бойынша сатып алушы ретінде ең ірі бестіктің қатарында болған: Жапония, Қытай, Сауд Арабиясы, т.б. Ел астық импорттаушы болып қала берді, өйткені экономиканың интенсивтендіру жолдары жабық болды. Тың аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымына да әсер еткен. Аңызға айналған Қазақстанның миллиард пұт астығының агроэкономикалық көрсеткішінің шынайы құны қандай болғандығын ешкім біле алмайтын шығар. Осылайша, тың экстенсивті сипатымен өзін экономикалық тұрғыдан ақтай алмады.

Яндекс.Метрика

A+AA-