Mobile version Version for visually impaired Site map

​«Асыл мұра» музей жобасының аясында Бекмагамбетов Берді Исмұқанұлының 75 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті. Б.И.

«Асыл мұра» музей жобасының аясында Бекмагамбетов Берді Исмұқанұлының 75 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті. Б.И. Бекмагамбетов - геология ардагері, ҚР құрметті геологиялық барлаушысы және бұрғылау маманы. ҚР минералдық ресурстар Академиясының академигі өз өмірін Қазақстан геологиясына арнады. Берді Исмұқанұлы Солтүстік Қазақстанның көптеген кен орындарын барлауға қатысты. Еске алу кешінде Берді Исмұқанұлының жұбайы, шәкірттері және оның еңбектерін оқыған адамдар өз естеліктерімен, ойларымен бөлісті. Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің 3 курс студенті Давлеталинова Азиза "Сердце геолога" еңбегінің негізінде геолог Б.И.Бекмагамбетовқа арналған баяндамасын оқыды. Іс-шараның өтуіне үлес қосқан жандарға естелік сыйлықтар табысталды.

Яндекс.Метрика

A+AA-