Mobile version Version for visually impaired Site map

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейімізде "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!»

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейімізде "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!»

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейімізде "Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!» атты еске алу кеші өтті. Оның бастамашысы және ұйымдастырушыларының бірі - Ақмола облысының Орыс қауымы болды.

Кездесу "Жеңіс лентасы"патриоттық акциясымен басталды.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Көкшетау қаласының №14 ЖОББМ оқушылары "Русская песня" халық ансамблінің орындауындағы соғыс жылдарындағы әндерді тыңдап, тақырыптық фотокөрмеде әскери кезеңнің суреттерін көрді. 

"Музей экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы" интерактиві музей қорына соғыс ардагерлері берген заттарға қызығушылық тудырды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Өзбек ұлттық мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тәжбуви Медетова бейбітшілікті сақтау үшін достық пен бірлікті сақтау, қиын уақытта бір-біріне көмектесу қажеттігін атап өтті.

Еске алу сағатында батылдық танытқан Қазақстандық батырлар туралы әңгімелер айтылды. 

Роберт Рождественскийдің "Реквием" өлеңі мен "Журавли" әні айтылды.

Яндекс.Метрика

A+AA-