Бозоқ аруының көрікті шашбауы
Астана қаласының аумағында "Бозоқ” ұлттық паркін құру бойынша архитектуралық тарихи-мәдени жоба іске асырылуда.
Бүгін "Бозоқ аруының көрікті шашбауы" атты республикалық этнографиялық фестиваль өтіп жатыр.
Музейіміздің директоры Құдайберлі Рахымбекұлы мен этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жексенбек Қонысбек аталмыш фестивальға этнографиялық экспонаттардан жылжымалы көрме ұсынды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жетекші отандық ғалымдар, археологтар мен этнологтар, композиторлар мен суретшілер одағының өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, елорданың мектептері мен колледждерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Creation date: 31.07.2024 15:45
Update date: 31.07.2024 15:48
Қарау саны: 1902