1920 жылы негізі қаланған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі -республиканың ең көне мәдени мекемелердің бірі. Музей 1904 жылы салынған, тарихи-архитектуралық ескерткіш ғимаратта орналасқан. Музей қорында 80 мыңнан артық жәдігер сақталған, олардың бірегейлері экспозициялық залдарда көрсетілген.