Экспозиция
Табиғат» залы
«Табиғат» залында бедер, жер қыртысы, климат, геология, ғалым зерттеушілер, флора және фауна бөлімдері бойынша материалдар ұсыналады.
Экспозиция экожүйелерді қолдана отырып, ландшафтық көрсету әдісіне сәйкес жасалған. «Орман мекендеушілері» диорамасында қасқыр, түлкі, борсық, елік, кірпі сияқты жануарлар бар.
Экспозицияда «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы», «Табиғатты қорғау» (ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар және өсімдіктер, браконьерлік, қоршаған ортаны ластау), бойынша материалдар, табиғат ескерткіштері ерекше орын алады. Минералдар және тау жыныстарының жинағы қызығушылық тудырады.
Зал мультимедиядық қондырғылармен жабдықталған, ол тек фотосуреттерді ғана емес, қысқа бейнефрагменттерді көруге, жануарлар мен құстарды табиғи ортада көруге, оның дауысы мен қоршаған ортаның дыбыстарын тыңдауға мүмкіндік беретін.
«Табиғи тарих» залы. Палеонтология
Залда Жер бетіндегі өмірдің даму кезеңдері, ежелгі дәуірдегі өсімдіктер және жануарлар әлемі туралы материалдар ұсынылады.
«Антропоген» бөлімінде бейінді қалпына келтірілген мамонт, өлкенің аумағында әр жылдары табылған мамонт, жүнді мүйізтұмсық, бұқа, бизон, үлкен мүйізді бұғы сияқты жануарлардың сүйек қалдықтары ұсынылады.
Келушілер үшін ежелгі жануарлар туралы ғылыми-көпшілік фильмдерді көрсету көзделген.
«Ұлы дала өркениеті» залы. Археология
Археология залында тас дәуірінен бастап ерте темір дәуіріне дейінгі өлкеміздің тарихы көрсетілген. Негізгі жәдігерлер – бұл Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында әр түрлі кезеңде өткен археологиялық экспедицияларда жиналған жинақтамалар.
Тас ғасыры ежелгі адам эволюциясының үш негізгі кезеңдерімен көрсетілген: палеолит, мезолит және неолит. Палеолит тұрағы «Ақтас» диорамасында бейнеленеді. Энеолит – неолит және қола ғасыры арасындағы өтпелі кезең, Қазақстанның дала аймағында жабайы жылқыларды қолға алу аяқталған және б.з.д. IV мыңжылдықта алғаш рет жылқы қолға үйретіліп, жылқы өсіру бағытындағы мал шаруашылығы пайда болған кезең. Келушілерге қола дәуірінде әйел адамдардың қалай киінгенін көруге бірегей мүмкіндік туады. Ерте темір дәуірінің қорғандарынан табылған олжалар сақ тайпаларының жоғары және көп жағдайда өзіндік мәдениетін, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік құрылымының дамуын айқын көрсетеді.
«Ұлы Дала өркениеті» залы. Ортағасыр
Біздің дәуіріміздің VI-X ғасырларында Ақмола өлкесі Түрік, Батыс Түрік, Қарлұқ, Қимақ қағанаттарының құрамына кірді.
Ұлы дала әлемге ат шаруашылығы мен салт аттылық мәдениетін сыйлағаны баршамызға белгілі, шексіз даланың көркем бейнесі бар диорама аясында құлын бейнеленген. Сонымен қатар, қазақ жауынгерінің сауыт-саймандары мен қару-жарағы көрсетілген. Ортағасырлық Қазақстан коллекциясы (VII - XIX ғғ.екінші жартысы) және арыстандар бейнеленген Тан әулеті дәуірінің Қытай қола айнасы (VII-IX ғғ.) бірегей болып табылады.
«Ұлы Дала өркениеті» залы. Этнография
Қазақ халқы – Көшпелі өркениеттің ұлы өкілі. Ақмола өлкесінің мәдениеті – өткен заман мәдениетінің ерекшеліктерін өзіне алған тұрмыс, салт-дәстүрлер энциклопедиясы. Оның көп қырлылығы мен өзіндік ерекшелігі тұрғын үй, киім, қоршаған табиғат, дін туралы ұғымдарға, ауызша халық шығармашылығы мен өнеріне әсер тигізді.
Этнос өмірінің, шаруашылық-мәдени әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінің ерекшеліктерімен, этнографиялық коллекциялардың үздік үлгілерімен "Қыстау" және "Этнография"залдары таныстырады. «Қыстау» залы келесі бөлімдерден тұрады: «Шаруашылық-мәдени қатынастардың ерекшеліктері», «Егіншілік», «Аң аулау». «Қазақтардың қысқы тұрғын үйінің көрінісі». "Қазақтардың қысқы тұрғын үйінің көрінісі" инсталляциясы малмен бірге көшіп келген қазақтардың киіз үймен қатар тұрақты қысқы тұрақтары - қыстақ, тұрғын және шаруашылық құрылыстары бар қыстаулары болғанын көрсетеді. ХІХ ғасырда қазақтардың қыстау қысқы ауылы негізгі қарапайым жер бірлігі болды. "Этнография" залының бөлімдерінде Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Көкен Шәкеев, Кәрім Ілиясов, Маман Еметаев, Жұмабай Есекеев, Иран Тасқара, Баянғали Әлімжанов, Құдайберлі Мырзабек және т. б. сияқты атақты ақындар мен шешендік өнер шеберлерінің өзіндік мәдениеті көрсетілген. Қазақтың белгілі теологтары мен ағартушыларының арасында - Науан Хазірет, Шаймерден Қосшығұлов, Момақан Әлиев және т. б. бар.
Экспозиция киіз үйді құрастыру элементтерін, киіз өңдеудің, тоқымашылық пен кілем жасаудың, кестелердің, зергерлер өнерінің, дәстүрлі ұлттық киімнің, халық музыка аспаптарының бірегей үлгілерін ұсынады.
«Ұлы Дала өркениеті» залы. Абылай хан
«Абылай хан» залының музейлік экспозициясы ерекше қызуғышылық тудырады. Көкшетау өңірі XVIII ғасырдың Қазақ тарихындағы ең беделді мемлекеттік және саяси қайраткерлерінің бірі
«XIX ғасырдағы Ақмола өлкесінің тарихы» залы
Залда XIX ғасырдағы аймақтың әлеуметтік - экономикалық және саяси өмірі: сыртқы округтердің құрылуы, қоныс аудару қозғалысы бейнеленген. Көкшетау және Ақмола қалаларының пайда болу тарихы. Мұнда XIX-XX ғасырдың аяғындағы қалалық үйдің интерьерін көруге болады. Жәрмеңке панорамасының аясында – XIX ғасырдағы сөрелерде өзекті болған заттар ұсынылды.
«XX ғасырдағы Ақмола облысының тарихы» залы
ХХ ғасырдың тарихы Ақмола облысының тарихында көрініс тапқан оқиғаларға толы: Бірінші дүниежүзілік соғыс,1916 жылы халық-азаттық көтерілісі, ұлттық қозғалыс және «Алаш-Орда» үкіметінің құрылуы, 1917 жылы Қазан төңкерісі және 1918-1920 жылдардағы азаматтық соғыс, 30-шы жылдардағы аштық пен саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру. Қазақстанның Кеңес республикалары құрамындағы қоғамдық-саяси және экономикалық дамуы анықталды. XX ғасырдың соңындағы маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы болды.
«Елбасы және Тәуелсіздік» залында
«Елбасы және Тәуелсіздік» залында Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылыс тарихында тағдыршешті маңызы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Конституциялық заңдар орталық орын алады. Музей келушілері үшін Елбасының өмір жолы, жеке тұлғаның қалыптасу тарихын, оның қарапайым жұмысшыдан саяси қайраткер, Ұлт Көшбасшысына дейінгі өмір жолын көрсететін мұрағаттық құжаттар (жеке отбасылық мұрағаттан алынған фотосуреттер,оның шежіресі, жеке заттары мен құнды сыйлықтар макеттері және т.б.) кеңінен ұсынылған.
Аталған музей жәдігерлері тарихи құндылыққа ие және жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, ұлттық мәдени код пен бірегейлікті сақтай отырып, жаңа құндылықтарды жаңарту мен қалыптастыруға ұмтылуда үлкен рөл атқарады.
Зал экспозициясында Ұлы дала астанасы - Астана қаласына Мемлекет басшысының идеясының, ұлттың рухани жаңғыруы, елдің табысты дамуының драйвері ретінде ерекше орын берілген. Елорда, саяси, экономикалық және мәдени мегаполис, Қазақстанның киелі орталығы ретінде ұсынылады.
Құрылған күні: 12.02.2017 16:47
Жаңартылған күні: 03.07.2020 18:50