Музей туралы
«Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» – өлкенің көне мәдени мекемелерінің бірі, 1920 жылы көрнекі құралдардың музейі ретінде уездік халыққа білім беру бөлімі жанындағы Көкшетау аудандық музейі болып құрылды.
Бастапқы қордың негізін мектеп жинақтамаларынан жиналған және берілген тарихи маңызы бар 130 зат құрды. Келушілер үшін жәдігерлер білім беру бөлімінің бөлмелерінің біріне қойылды. Алты жылдан кейін музей Советский №89 көшесіндегі (қазіргі М.Әуезов көшесі) жеке бөлінген ғимарат – төрт бөлмелі ағаш үйге көшті.
1944 жылы Көкшетау облысының құрылуына байланысты 1945 жылдың қаңтар айынан аудандық музей Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейі болды. Сол жылдары облыстық музейге қаланың орталығындағы бұрынғы мешіт ғимараты берілді.
1974 жылдан бастап музей Көкшетау қаласының орталық алаңына жақын жердегі ғимаратта орналасты.
Музей ғимараты – мемлекеттік қорғаудағы тарих және сәулет ескерткіші. Ғимарат екі қабатты, кірпіштен 1904 жылы салынған.
Көкшетау қаласы Ақмола облысының облыстық орталығына айналғандықтан 2000 жылы музей Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі мәртебесіне ие болды.
Облыстық музейдің ауқымды қайта жөңдеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілді.
2018 жылы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын, оның жетістіктерін және Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ауқымды тарихи рөлін көрсететін «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы, сондай-ақ, энеолиттік дәуірді толығымен ашатын «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейі ашылды.
2019 жылы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы музей залдарының реэкспозициясы жүргізілді.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі реэкспозициядан кейін 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап келушілерді қабылдайды.
Облыстық музейде өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты және мәдениеті бойынша музей жинақтамасы бүгінгі күні 83 000 – нан астам жәдігерлерден тұрады, олардың үздіктері жаңа экспозициялық залдарда ұсынылады:
- Табиғат залы
- «Табиғи тарих» залы
- «Ұлы дала өркениеті» залы
- «XIX ғасырдағы Ақмола өлкесінің тарихы» залы
- «XX ғасырдағы Ақмола облысының тарихы» залы
- «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи Қазақстанның тарихы залы
- Көрме залы
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрамына 9 аудандық музейлер кіреді:
1. Атбасар тарихи-өлкетану музейі
2. І. Есенберлиннің әдеби музейі
3. Маринов тарихи-өлкетану музейі
4. Ерейментау тарихи-өлкетану музейі
5. Степногор тарихи-өлкетану музейі
6 Щучье тарихи-өлкетану музейі
7. Бурабай кентінің тарихи музейі («Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музей)
8. Біржан сал атындағы тарихи-өлкетану музейі
9. Жарқайың тарихи-өлкетану музейі
Құрылған күні: 10.02.2017 14:09
Жаңартылған күні: 02.11.2023 21:52