Тарихи аптаның екінші күні
4 қыркүйек, Станционный ауылындағы № 7 орта мектебінде тарихи аптаның екінші күні ұлттық күміс әшекейлеріне арналды. «Күміс сиқыры» экспозициялық-көрме жобасын жүзеге асыру аясында 8-10 сынып оқушыларына музей жинақтамасының бейнеқатары ұсынылды. Оқушылар ұлттық әшекейлердің ерекшелігімен танысып, не мақсатта және оларды қалай қолданғаны туралы ақпарат алды. Этнолог маманы Н.Н.Ізбасар қолданыстан жойылып бара жатқан бұйымдардың кейбір үлгілерін көрсетті: шолпы – шашқа арналған әшекей, күміс алқа және т.б.
Құрылған күні: 04.09.2018 17:33
Жаңартылған күні: 04.09.2018 17:33
Қаралым саны: 1700