Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК ғылыми орта, мемлекеттік мекемелер мен көпшіліктің қатысуымен диалог алаңын ұйымдастырды
Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК ғылыми орта, мемлекеттік мекемелер мен көпшіліктің қатысуымен диалог алаңын ұйымдастырды.
Алматы қаласынан шақырылған спикер – публицист, Қазақстанның әйелдер қозғалысының әскери тарихын зерттеуші, «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-көпшілік журналының «Жеңіс бағасы» бөлімінің шолушысы Дина Игсатова 106-шы Ақмола қазақ кавалериялық дивизиясы туралы баяндама дайындап, деректі фильм ұсынды. Ғылыми қауымдастық, музей, архив қызметкерлері аты аңызға айналған кавалерия дивизиясы туралы құнды мәліметтерді зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
30-шы жылдардың екінші жартысындағы қуғын-сүргіннің Қазақстанда айрықша сипаты жаппай этникалық депортация болды. Осы кезеңде Қазақстан тоталитарлық режимнен зардап шеккен ұлттардың үйіне айналды. Диалог алаңына Қазақстанға жер аударылғандардың жақын туыстары қатысты. Сондай-ақ қатысушылармен тарих ғылымдарының кандидаты А.А.Сейітқасымов ғылыми және қоғамдық пікірімен бөлісті. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері – Герихан Ибрагимович Яндиев, Елена Ивановна Мащинская қазақ халқына алғысы мен ризашылығын білдірді.
Құрылған күні: 01.06.2021 9:35
Жаңартылған күні: 01.06.2021 9:35
Қаралым саны: 1154