БОТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ КРАСНЫЙ ЯР ҚОНЫСЫ
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі 2021 жылға арналған археологиялық маусымына сәйкес Көкшетау қаласының жанындағы Красный Яр (энеолит дәуірі) қонысын зерттеуді жоспарлаған болатын. Бүгінгі күндері, осы қоныс орнын зерттеудің алғашқы жұмыстары басталып кетті.
Олардың қатарында – Красный Яр қонысының географиялық орналасқан координаттарын анықтау, ескерткіш орнының жалпы көрінісі, ғарыштық тұрғыдағы аса сапалы фотосуреттерін жасау, автоматтандырылған аэрофото арқылы жалпы жоспарын құру, ортофотожоспар, ескерткіш рельефінің цифрлық моделі мен картасын құру, қоныс орнының 3D моделін жасау, географиялық топографиялық картасын құру арқылы оған байланыстар жасау сияқты бірқатар жұмыстар атқарылды.
Құрылған күні: 03.06.2021 15:45
Жаңартылған күні: 03.06.2021 15:45
Қаралым саны: 1333