2021 жылғы 10 қыркүйек айында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы, «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК облыс әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өңірлік өлкетанушылар форумы өткізілді
2021 жылғы 10 қыркүйек айында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы, «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК облыс әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өңірлік өлкетанушылар форумы өткізілді. Форумды өткізу «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерге, сондай-ақ отандық және шетелдік өлкетанушылардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға қызығушылықтарының артуына негізделген.
Аталмыш іс-шараның мақсаты: өлкетану саласында ағарту жұмыстарын өткізу үшін ғылыми қоғамдастықты, шығармашылық кәсіптерді, ғалымдарды және т.б. біріктіру; өлкетану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру; өлкетану жұмысының тәжірибесімен алмасу және ғылыми зерттеулер әдістемесін жетілдіру; өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Форумның пленарлық отырысында спикерлер – Қазақстан тарихы академиясының академигі Идрисов Мұрат Идирисұлы болды. Өлкетанушы, мұрағат қызметінің ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі – Салық Гүлбаршын Дәкенқызы, Тарих ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы - Павел Владимирович Косович, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ докторанты – Уәлиев Талапкер Асқарұлы. Сондай-ақ, облыс өлкетанушыларының бірлескен жұмысы туралы ұсыныспен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректорының кеңесшісі, академиялық доцент, т. ғ. к. Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, форум жұмысына Көкшетау қаласы музейлерінің директорлары, музей қызметкерлері, Ақмола облысы аудандарының өлкетанушылары, БАҚ өкілдері және т. б. қатысты.
Форум тиімді кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу үшін жақсы алаңға айналды және біздің өңірде өлкетануды одан әрі дамуына әсер етті. Форум соңында қатысушылар Ақмола облысының өлкетанушылар қауымдастығын құру туралы шешім қабылданып, төрағаны сайлады. Ол өлкетанушы, мұрағат қызметінің ардагері Салық Гүлбаршын Дәкенқызы болды.
Құрылған күні: 14.09.2021 10:23
Жаңартылған күні: 14.09.2021 10:26
Қаралым саны: 1390