Жыл сайын 21 ақпанда әлемде Дүниежүзілік экскурсовод күні атап өтіледі
Жыл сайын 21 ақпанда әлемде Дүниежүзілік экскурсовод күні атап өтіледі. Аталмыш күнді экскурсоводтар қауымдастығының дүниежүзілік федерациясы экскурсоводтар жұмысының маңыздылығы туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру мақсатында құрған болатын.
Экскурсовод күні көптеген музейлерде мерекеге арналған ерекше экскурсиялар өтеді. Әрі жаңа экскурсиялық алаңдардың ашылуын да осы күнге сәйкестендіреді.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде 21 ақпан күні «Лорикет» экскурсоводтар клубы өз жұмысын бастайды. Дәл осы күні жас гидтерді арнау іс-шарасының өтуі символдық мәнге ие. Бұл іс-шара қатысушыларды жаңа білім атмосферасына ендіруге, мамандықтың нюанстарымен таныстыру, достық және көңілді көңіл-күй қалыптастыру және клубқа қатысуға қызығушылықты оятуға бағытталады! Музей ісіне, өлкетану, жәдігерлер және экскурсовод дағдыларына байланысты дайындалған тапсырмалар қатысушыларды ерекше сынақтар күтетін станциялар түрінде ұсынылады.
Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ жетекші музей экскурсоводттары Антипова Вероника, Ташенова Айра, Ақкушқарова Гүлден, Каримова Айданаға құрмет грамоталарын табыстады.
Іс-шараға Көкшетау қаласының жас экскурсоводтары, АОТӨМ экскурсоводтары мен ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Құрылған күні: 24.02.2022 10:30
Жаңартылған күні: 24.02.2022 10:36
Қаралым саны: 953