Тарих аптасының қорытындысы «Week of History»
«Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі Станционный кентінің № 7 мектебінде облыстық музейдің ғылыми қызметкерлері оқушыларды облыстық музей қорының археологиялық және этнографиялық жәдігерлерімен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және іздеу жұмыстарының нәтижесі бойынша тарихи материалдармен таныстырып, «Week of History» («Тарих аптасы») өткізді.
Іс-шара мақсаты – ұлттық тарих пен мәдениетті музей құндылықтары арқылы дәріптеу, халық дәстүрлеріне, тарих пен мәдениетке қызығушылығын арттыру және оларды құрметтеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты облыстық музей базасындағы «Мирас» және «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмелері арқылы өлкетану жұмысына тарту, «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында оқушылардың ғылыми-танымдық қызметін кеңейту.
«Week of History» бағдарламасында:
- «Шоқан Уәлихановтың мұрасы», виртуалды экскурсия
- «Күміс сиқыры» экспозициялық – көрме жобасының аясында «Күміс сиқыры» (музей сабағы)
- Ақан серінің 175-жылдығына арналған «Мәңгілік әуені» дәрісі
- Аттас жобаның аясында «Алаш қайраткерлері – өлке тарихында» тақырыптық дәрісі
Құрылған күні: 10.09.2018 12:08
Жаңартылған күні: 10.09.2018 12:08
Қаралым саны: 1706