«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған іс–шара
Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты викториналық сайыс өтті. Сайысқа Көкшетау қаласының №6 орта мектеп-лицей оқушылары қатысты. Қатысушылар 4 сынақтан сүрінбей өтіп, өз білім деңгейлерін көрсете алды. Көрермендерге жұмбақтар жасырылып, олар кішкентай естелік сыйлықтарға ие болды. Топ мүшелері алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңы «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы бойынша тақырыптық экскурсиямен аяқталды.
Құрылған күні: 13.09.2018 12:40
Жаңартылған күні: 13.09.2018 12:40
Қаралым саны: 2503