Музей ісінің маңыздылығы туралы шексіз айтуға болады
Музей ісінің маңыздылығы туралы шексіз айтуға болады. Музей – біздің тарихи, мәдени мұрамыздың қазынасы. Бүгінгі күні музейлердің ұлттық мәдениетімізді дамытуда үлесі зор. Бүгінде келушілер үшін музейлер қол жетімділігін кеңейту мақсатында заманауи технологиялар қолданылады, музей жәдігерлерін тартымды ету мақсатында интерактивті, виртуалды экспозициялар жасалынады. Тиісінше, қорларға қол жетімділік артып келеді. Біздің міндетіміз – Ақмола облысының шалғай ауылдарының тұрғындарына музей ісінің мәнін сақтай отырып, музей жәдігерлерімен танысу мүмкіншілігін кеңейту.
Осы орайда, музей коллекцияларын кең ауқымды пайдаланып, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беру үшін, сонымен қатар, шалғай аудан тұрғындарын музей тынысымен таныстыру мақсатында бірегей «Көшпелі авто музейлер» құру идеясы пайда болды.
«Жылжымалы автомузей» жобасы аясында тұңғыш рет Көкшетау қаласындағы облыстық музейлердің ұйымдастыруымен "Наурыз нақыштары" көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін автобус салонында қазақтың ұлттық бұйымдары мен тұрмысына арналған мұражай экспозициясы ұсынылды. Енді қала қонақтары мен тұрғындары музей жәдігерлерімен жаңа форматта таныс бола алады.
«Жылжымалы автомузей» жобасының географиясы едәуір кеңейеді, шалғайдағы шағын аудандардың тұрғындарына бірегей музей жәдігерлерімен танысу мүмкіншілігі пайда болады.
Жоба барлық жастағы және әлеуметтік топтағы келушілерге (оқушылар, студенттер, орта және егде жастағы адамдар, туристер және т.б.) бағытталған.
Құрылған күні: 19.03.2022 19:10
Жаңартылған күні: 19.03.2022 19:11
Қаралым саны: 831