«Ежелгі Тараздың қазыналары» атты көшпелі археологиялық көрмесінің ашылу
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығына орай, Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК бірлесіп, «Ежелгі Тараздың қазыналары» көшпелі археологиялық көрмесін ұйымдастырады.
Жамбыл облысы аумағында тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы саны 3365-ті құрайды. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музей қарауында 100-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның 30-ы республикалық дәрежедегі ескерткіштер, бес ірі ортағасырлық Ақыртас, Құлан, Ақтөбе-Степнинское -Баласағұн, Өрнек, Қостөбе қалашықтары халықаралық дәрежеде, яғни ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Қазақстан Республикасының киелі жерлері Айша бибі, Бабаджа Хатун, Қарахан (Әулие ата), Тектұрмас, Дәуітбек ортағасырлық сәулет ескерткіш – кесенелері туристердің көп баратын мекендері болып табылады.
Көрменің мақсаты: Ақмола облысының тұрғындарын 2000 жылдан астам тарихы бар Ежелгі Тараз қалашығымен және алтын, күміс, мыс пен қыштан жасалған қолөнершілердің бұйымдарының жиынтығымен, сондай-ақ өңірдегі саяси-сауда қарым-қатынастарын ашатын нумизматиканың жинақтамасымен таныстыру.
Аталған көрмемен Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің көрме залында танысуға болады.
Құрылған күні: 13.09.2018 19:39
Жаңартылған күні: 13.09.2018 19:40
Қаралым саны: 2078