Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК директоры

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК директоры.

Кәсіпорынның мекен-жайы: 020000, ҚР, Ақмола обл., Көкшетау қ., Калинин көшесі, 35 үй, тел; 8(7162) 401479.

Функционалдық міндеттері:

мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

ҚР және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі;

шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді.

Білуі тиіс: Конституцияны; Азаматтық кодексі; Бюджеттік кодекс; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс; Кәсіпкерлік кодексі; Еңбек кодексі; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Кәсіпкерлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңдарын, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету ережелерін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Конкурс ҚР ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сонымен қатар оның кандидатурасын келісу Ережелері негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

• конкурсқа қатысу туралы өтініш;

• мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме;

• еркін түрде жазылған өмірбаяны;

• жеке куәлігінің көшірмесі;

• білімі жөніндегі құжаттар көшірмелері;

• еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау туралы және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтарынан үзінді көшірме;

• бекітілген нысан бойынша денсаулық жөніндегі анықтама.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен 15 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттармен танысады және 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасында өтетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 218, 209-кабинет. Анықтама телефоны: 8(7162) 297933, 8(7162) 297932, 209 каб.

Яндекс.Метрика

A+AA-