«Көкшетау - Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында 29 сәуір күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің Мәскеу түбіндегі жасаған ерлігінің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты көрмесі өтті
Көрмеге Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану және Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейлерінің қорынан жинақталған жәдігерлер (экспонаттар) қойылды.
Көрменің ашылу салтатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сабитова құттықтау сөз сөйлеп, Нұр-Сұлтан қаласы мен Семей қаласынан келген қонақтарға ризашалығын білдіріп, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін ұмытпай, өскелең ұрпаққа насихаттау және жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға жазушы, драматург, «Тіршілік» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің директоры – Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев, ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің ақпараттық-имидждік жұмыстары бөлімінің бастығы – Селеубаева Салтанат Ермековна, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры – Сабырбай Қайрат Зекенұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейітқасымов Аманай Асылбайұлы, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мырзабек Құдайберлі және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналған қауымды тарихи жәдігерлермен Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің экскурсия жүргізушісі Мамбетова Айнұр Нұрланқызы таныстырды.
Кала мектептерінінің тарих пәнінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының студенттері көрмені тамашалап, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы батыр ағаларымыздың қайсар ерліктері туралы біршама мазмұнды мағлұматтар алды.
Құрылған күні: 29.03.2022 21:20
Жаңартылған күні: 29.03.2022 21:21
Қаралым саны: 1033