Музейдің раритет жәдігері
Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің «Музейге жәдігер сыйла» акциясы жаңа достарды табуға және музей жинақтамасын толықтыруға көмектеседі. Осы жолы да Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлсім Ибрагимқызы Халикова, 1958 ж.т., хабарласты. Ол біздің қаламызда туып өскен, көп жылдар бойы Халық банкінде қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. Үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген кезінде ежелгі тігін машинасына көзі түседі. Қол тігін машинасы кезінде оның әжесіне, кейін анасы Галина Семеновнаға тиесілі болған. Г.С.Халикова, 1923 ж.т., соғыс жылдары кезінде Мәскеу облысының Подольск қаласынан Көкшетау қаласына көшіп келді. Әжесі мен анасы Гүлсім керемет тігінші болған, барлық отбасына, туған-туыстарына, жолдастарына киімдер тіккен. Жұбайы қайтқаннан кейін әкесі Ибрагим Гилязұлы тігін машинаны Гүлсімге берді. Ертедегі барлық заттар сияқты тігін машина да өте сапалы дайындалған, ағаш қынабы бар. Осы ХІХғ. инженерлік өнердің көз татарлық үлгісі 1880-1890 жылдарға жататын «Kohler Maschine Deutsches Fabrikat Bestes» неміс фирмасынан шыққан. Аталған фирманың бұйымдары сол уақытта «Zinger» америкалық ұлтаралық компанияның тігін машиналарымен бәсекеге түскен. Осы раритет жәдігердің иесі Гүлсім Ибрагимқызына музей қорына тігін машинасын тапсыруға бел буғаны үшін алғымызды білдіреміз.
Құрылған күні: 25.09.2018 13:49
Жаңартылған күні: 25.09.2018 13:49
Қаралым саны: 2170