«Музейге жәдігер сыйла» атты акция аясында
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері "Музейге жәдігер сыйла" атты акция аясында, жинақтау жұмысын өткізді. Атақты профессор, геология-минералдық ғылымының кондидаты, Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысының жұбайы, Шами Шабитайқызы, музейдің қорына 6 кітап, жеке заттардан көзілдірігін тапсырып берді. Музей қорында А. Қазбековтің бүгіннің өзінде кітаптар мен фотосуреттер сақталынған.
Белгілі ғалым, жерлесіміз Айтқажы Қазбекұлы жарқын еңбек жолын өтті, оқушылар мен ізбасарларының бірнеше ұрпағын тәрбиелеген. А.Қазбековтың Солтүстік Қазақстанның жерасты сулары ресурстарын табу мен бағалаудағы еңбектері Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Қойнауды барлаудағы еңбектері үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медальдарімен жоғары белгіленген. Ол пайдалы қазбаның (уран) кен орнын ашқаны үшін «Кен орнының алғашқы ашушы» белгісімен, геологиядағы зор еңбектері үшін «Қойнауды барлау үздігі», «Қазақстан Республикасының құрметті қойнау барлаушысы» дипломдары мен омырау белгілерімен марапатталған.
Музей А. Қазбековтің жұбайына көпжылдық ынтымақтастық үшін үлкен алғысын білдіредіҚұрылған күні: 01.10.2018 19:15
Жаңартылған күні: 01.10.2018 19:15
Қаралым саны: 1907