Қазақ халқының мәдениеті оның киім-кешегінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, әшекей-бұйымынан көрініс табады
Қазақ халқының мәдениеті оның киім-кешегінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, әшекей-бұйымынан көрініс табады. Бүгін мен қазақ халқының асқа үлкен мән бергенін айтқым келеді. Халқымызда «ауру астан», «таспен ұрғанды аспен ұр» деген жақсы мәтелдер бар. Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалады. Олардың қатарына құрт, ірімшік, қоспа, қаймақ, май, қымыз, жент т.б. жатқызуға болады. Ақсақалдарымыз, көнекөз қарияларымыз бата бергенде «ақ мол болсын» деп айтады. Ата-бабаларымыз жыланның өзін айран құйып шығарып салған. Сондай-ақ, астың адал жолмен келуіне үлкен мән берген. Тіпті баланың тұсауын кескенде ешкімнің ала жібін аттамасын деген ізгі ниетпен ала жіппен тұсауын елдегі беделді, пысық, білімді, абыройлы адамға кестірген. Сонымен қатар, ерте кезде қазіргі таңда өскелең ұрпақтың барлығы біле бермейтін асадал (қазіргі кухонный гарнитур) болған. Асадалды тамаққа жәндік, маса-шыбын түспес үшін жасаған. Халқымыздың дана болғанын осыдан-ақ аңғаруға болады.
Құрылған күні: 03.11.2023 20:30
Жаңартылған күні: 03.11.2023 20:32
Қаралым саны: 777